Аралдықтар «Бірге – Таза Қазақстан» акциясына қатысты
Бүгін Республика көлемінде өткізіліп жатқан «Бірге – Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында тазалық жұмыстары жүргізілді.
Аталған акцияның негізгі мақсаты - қоршаған ортаның тазалығына бірауыздан атсалысу, сол арқылы жас жеткіншектерге үлгі көрсету болып табылады.
Тазалық шарасы барысында Арал қаласына кіре беріс аймақ, көше бойлары, орталық базар, қоғамдық орындар жол бойындағы ретсіз тасталған күл-қоқыстар мен керексіз заттардан тазартылды.
Мекеме қызметкерлерінің және ерікті тұрғындардың қатысуымен өтікізілген сенбілікке техникалар жұмылдырылып, тұрмыстық қатты қалдықтар арнайы қоқыс тастайтын орындарға жеткізілді.
Аудан әкімдігінің баспасөз қызметі