Тұрғындар мәселесі тыңдалды

Кездесуде аудандық мәслихат хатшысы Б. Төрахметов, мәслихат депутаты Д. Мадинов, қала әкімі Е. Тәлекенов және бірнеше бөлім басшылары болды.
Cекторды аралау барысында тұрғындарға көктемгі санитарлық-тазалық шаралары аясында көшелер мен тұрғын үй аулаларының тазалығын сақтау қажеттігі жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Тұрғын үйлердің қоқыс жәшіктері толған жағдайда тазалыққа жауапты мердігер мекемеге алдырту мәселелері де айтылды.
Өз кезегінде тұрғындар автокөлік жолын салу, көшелерді жарықтандыру, балалар ойын алаңы керек екендігін айтты. Жауапты бөлім басшылары халық тарапынан айтылған ұсыныс-пікірлердің назарға алынып, алдағы уақытта шешімін табуы үшін жұмыстар жасалатынын білдірді.

