Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылорда облыстық Қоғамдық кеңестің алғашқы отырысы өтті

Қызылорда облыстық Қоғамдық кеңестің алғашқы отырысы өтті

Кеңес отырысына облыстық мәслихат хатшысы Наурызбай Байқадамов, облыстық жұмысшы топ мүшелері мен облыстық Қоғамдық кеңестің жаңадан қалыптастырылған мүшелері қатысты.
«Наурыз айындағы конкурс негізінде қоғамдық ұйымдардың өкілдері мен өзін өзі ұсынған жалпы 62 кандидаттан ұсыныс түсті. Жұмыс тобының мүшелері тарапынан әр кандидатпен жеке-жеке әңгімелесу жүргізілді. Нәтижесінде облыстың саяси-әлеуметтік, экономикалық салаларын дамытуға үлес қосып, түрлі салаларда көп жылдар бойы қызмет атқарып мол тәжірибе жинақтаған азаматтар қатарынан 30 кандидат Қоғамдық кеңестің мүшелігіне ұсынылып, облыстық мәслихат сессиясында мақұлданды» – деді Райкүл Байназарова.
Сонымен қатар облыстық мәслихат хатшысы Наурызбай Байқадамов мемлекеттік бағдарламалардың орындалуын бақылауды жүзеге асыру және билік пен азаматтық қоғам арасындағы байланысты қамтамасыз етуде Қоғамдық кеңеске артылар жауапкершілік одан әрі күшейе түсетінін және кеңес алаңында көтерілген әрбір мәселе бірінші кезекте әлеуметтік мәселелерді шешуге, халықтың сұранысы мен талабын қанағаттандыруға бағытталуы тиіс екендігін атап өтті.
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша Қоғамдық кеңестің ережесі таныстырылып, кеңес мүшелері арасынан ашық дауыс беру арқылы Қызылорда облыстық Қоғамдық кеңестің жаңа төрағасы болып Хожбанов Әріп Битілеуұлы сайланды.

kyzylorda-news.kz
19 сәуір 2022 ж. 896 0