200 түп ағаш көшеті отырғызылды
Көктем мезгілі басталғалы бері аудан көлемінде тазалық шараларымен бірге көркейту-көгалдандыру жұмыстары да атқарылуда.
Бүгін аудан әкімі С. Сермағамбетов Балықшылар мұражайы жанындағы демалыс орнында және Рәміздер алаңының алдында өткен тал егу шарасына қатысып, бірнеше түп ағаш көшеттерін отырғызды.
Аудан басшысы жауаптыларға жаңадан егілген жас көшеттердің бой алып кетуі үшін күнделікті қарап, күтіп-баптау қажеттігін айтты. Сонымен бірге аталған аймақтардағы бұрыннан өсіп тұрған талдарды да қараусыз қалдырмай, олардың суарылуын және қажетті тыңайтқыштардың жеткілікті болуын қадағалауды тапсырды.
Ағаш отырғызу рәсімінен соң қала көшелерін аралаған аудан әкімі түнгі жауған жаңбыр салдарынан жиналған шалшық суларды арнайы автокөліктермен тартып, тазарту жұмыстарын жүргізуді жүктеді.
Мұнан кейін қаладағы бірқатар аллеялар мен тұрғындар демалатын орындарға барып, қазіргі жағдайын көрді. Рәміздер алаңындағы мемлекеттік нышандар жазылған мрамор тақтайшадағы түскен әріптерді және сынған, орнынан босап кеткен мрамор бөлшектерін қайта желімдеу керектігін айтып, қала әкіміне бұл жұмыстармен бірге алаң қоршауына жиналған үрінді құмдардан тазартуды тапсырды.
Атап өтейік, бүгінгі сенбілік барысында демалыс орындары мен бірге Абай көшесінің бойындағы қоршаулар ішіне және Данқ алаңына жергілікті жерге төзімді 200 түп тал көшеттері отырғызылды.
"Толқын" ақпарат