Аудан әкімі тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады

Тұрғындар көбінесе әлеуметтік жағдай төмен екенін жеткізіп, отбасын асырауға табыс көзінің аз болуы қиындық тудырып отырғанын айтты.
Аталған мәселемен келген тұрғындарды аудан басшысы мұқият тыңдап, қолданыстағы заң аясында жауап берді. Сонымен қатар, жауапты сала басшыларына келген тұрғындармен жеке жұмыс жасап, жаңадан ашылғалы тұрған жеке нысандармен байланысып, берілген ұсыныстар бойынша жұмыспен қамтамасыз етуге мүмкіндіктерді қарастыруды тапсырды.
Сонымен қоса, қала тазалығы бойынша көтерілген мәселеге аудан басшысы қазіргі таңда тазалық күнделікті жүргізіліп, барлық қала іші бақылауда екенін атап өтті. Тазалық біздің ортақ міндетіміз екендігін және тұрғындар да өз тарапынан қолдау көрсетіп, бірге атсалысуға шақырды. Алдағы уақытта қаланың тазалық жұмыстарының ұдайы тоқтаусыз жүргізіліп отырылуын қала басшысына бақылауды тікелей тапсырды.
Жеке қабылдау қорытындысымен аудан әкімі орынбасарлары мен жауапты бөлім басшыларына әрбір тұрғын тарапынан айтылған мәселелерді назарда ұстап, тиісті жұмыстар жүргізу жөнінде тапсырмалар жүктеді.



Аудан әкімдігінің баспасөз қызметі