Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада адам құқықтарын қорғау бойынша семинар-тренинг өтті

Қызылордада адам құқықтарын қорғау бойынша семинар-тренинг өтті

ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия Қызылорда облыстық әкімдігінің, Еуропалық қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Нұр-Сұлтандағы Бағдарламалар офисінің және «Winrock International» халықаралық үкіметтік емес ұйым өкілдерінің қатысуымен Қызылорда қаласының және Қызылорда облысының мемлекеттік қызметшілеріне, үкіметтік емес ұйымдардың және дағдарыс орталықтарының өкілдеріне арнап екі күндік семинар-тренинг өтті.
Кездесу “Қазақстандағы адам құқықтарын қорғаудың ұлттық және халықаралық тетіктері. Қазақстан Республикасындағы адам саудасына қарсы іс-қимылдың өзекті мәселелері” тақырыбына арналды.
Жиында Қызылорда облысы әкімінің аппарат басшысы Шахмардан Байманов, ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның хатшысы Тастемір Әбішев, ҚР Бас прокуратурасының басқарма прокуроры Қуантай Сағынаев, USAID-тің «Орталық Азиядағы қауіпсіз көші-қон» жобасы жетекшісінің орынбасары, «Winrock International» ХҮЕҰ-нің өкілі Гүлмира Қуанжанова, ЕҚЫҰ-ның Нұр-Сұлтандағы Бағдарламалар офисінің жауапты қызметкері Күнсұлу Демеуова сөз сөйледі.
Қызылорда облысы әкімінің аппарат басшысы Шахмардан Байманов семинар жұмысына сәттілік тілеп, өңірдегі адам құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарын атап өтті.
«Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Адам құқығы – ең қымбат қазына. Адам құқықтары мен бостандықтарын, мүдделерін қорғау – Қазақстан саясатының басты бағыты» деп айқындап өтті. Өйткені, адамның құқы мен бостандығы табиғи және ажыратылмас болып табылады, туғаннан бастап беріледі жөне жоғары құндылық болып табылады», – деді Ш.Байманов.
Іс-шара барысында елдегі адам құқықтарын, сондай-ақ адам саудасы құрбандарының құқықтарын қорғаудың ұлттық және халықаралық жүйесі жан-жақты пысықталды. Адам құқықтары жөніндегі ұлттық мекемелердің сот және құқық қорғау органдарымен, басқа да мемлекеттік органдармен, сондай-ақ азаматтық қоғам институттарымен өзара іс-қимылы қаралды. Сарапшылар адам құқықтарын қорғау мен көтермелеу саласындағы жұмыс тәжірибесімен алмасты және сұрақтарға жауап берді.


kyzylorda-news.kz
27 мамыр 2022 ж. 484 0