Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Кезекті сенбілік өткізілді

Кезекті сенбілік өткізілді

Бүгін Арал қаласында кезекті сенбілік ұйымдасқан түрде өткізілді.

Аудан көлемінде жүргізілген қызу тазалық жұмыстарына тұрғындар мен мекеме қызметкерлері біркісідей атсалысып, қалаға кіреберіс аймақтар мен көшелердегі қоқыс-қалдықтарын шығарып, ортақ үйіміздің тазалығына өз үлестерін қосты.

Сенбілікте темір жол жиектері мен орталық базар аймағы, қоғамдық орындар мен жол бойындағы ретсіз тасталған күл қоқыстар тазаланды.

Бұл шара тұрғындар арасында тазалық мәдениетін қалыптастыруға және қаланың санитарлық жағдайын жақсартуға бағытталды.


"Толқын" ақпарат

28 мамыр 2022 ж. 661 0