Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Тоқабай елді мекенінде жаңа балабақша ашылды

Тоқабай елді мекенінде жаңа балабақша ашылды

Жаздың жаймашуақ күндері Жіңішкеқұм ауылдық округіне қарасты Тоқабай елді мекенінің бүлдіршіндері үшін де қуанышты жаңалықпен басталды.

Жеке кәсіпкер Сексенова Жадырагүлдің бастамасымен «Бекзия-Ана» жеке балабақшасы ашылды. Заманауи талапқа сай жабдықталған нысанда 30 бүлдіршіннің тәрбиеленуіне мүмкіндік қарастырылған.

Балабақшаның ашылу рәсіміне Арал ауданы бойынша білім бөлімінің басшысы С. Жанназарова қатысып, тәрбие орталығының жұмысына сәттілік тіледі.
Сонымен бірге ауылдық округ әкімі М. Әлішев бүлдіршіндердің жаңа орталықта тәрбиеленуіне мүмкіндік жасаған кәсіпкерге ризашылығын жеткізді. Ал ауыл ақсақалы Ү. Қуатов бұл тұрғындар үшін қуанышты жағдай екендігін айтып, келешек ұрпақ игілігіне арнап салынған нысанның берекелі мекенге айналуына тілектестік білдірді.
Балабақша ойын алаңы, жатын, ойын бөлмелерімен қамтылған.


"Толқын" ақпарат

03 маусым 2022 ж. 768 0