Мемлекет болашағы үшін жасалған

Біз қашанда халқымыздың тыныш, бейбіт заманда тірлік кешкенін қалаймыз. Соған тілекшіміз. Кешегі науқанда тұрғындардың орын алатын өзгерістерге бей-жай қарамай өз учаскелеріне ағылып жатқанын көрдік.
Ата Заңымызға енгізілетін түзетулер мен толықтыруларды қолдаған тұрғындар өз таңдауын жасады. Ешқандай заңға қайшы келетін әрекеттер орын алмағандығын біліп отырмыз. Бұл да халықтың мемлекетке деген сенімінің жоғары екендігін көрсетеді.
Еліміздің болашағы жарқын, келешегі кемел болсын!
Құдайберген САРЖАНОВ,
мемлекет және қоғам қайраткері