Референдум ауқымды өзгерістерге бастайды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өткізіліп жатқан референдуммен қалың көпшілікті құттықтай отырып:
–Бүгін еліміз үшін, шын мәнінде, тарихи күн. Халқымыз бетбұрысты шешім қабылдамақ. Ешқандай мәжбүрлік жоқ. Референдум жоғары деңгейде ұйымдастырылған,– деді Мемлекет басшысы.
Ауданда да таңмен таласа тұрып өз таңдауын жасаушы жастардан бастап, қарияларға дейінгі азаматтар қатары көбейді. Ел тағдырына бей-жай қарамайтын әрбір адам дауыс беріп, атаулы науқанға белсенді қатысты. Кей тұрғындар отбасы мүшелерімен келіп қатысып жатса, жаңадан отау құрып жатқан жас жұбайлар да қалыс қалмады. Иә, бұл да біздің басты міндетіміз болып саналады. Референдумның әділ өткеніне және ешқандай заңға қайшы әрекеттер орын алмағанын сенімді түрде айта аламын. Елім, жерім дейтін әр азамат өз таңдауын жасап, ел болашағы үшін дұрыс шешім қабылдай білді. Ендігі кезекте мемлекетіміз дамыған елдер қатарынан көрінеріне сеніммен қарайық.
Әділхан ТАНЫМБЕТОВ,
қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы