Кәсіби мерекеге орай марапаттар табысталды

–«Сіздерді бүгінгі кәсіби мерекелеріңіз – «Малшылар күнімен» құттықтаймын. Өңірімізде төрт түлік малды өсірумен айналысып жүрген шаруалардың еңбегі орасан зор. Мемлекетіміздің ауылшаруашылығын дамытуға жасаған қолдауының нәтижесінде төрт түлік мал басы айтарлықтай өсім алуда. Өткен жылы табиғаттың тосын мінезінен орын алған қуаңшылық кезеңінде де сіздер сабырлылық пен төзімділік таныта білдіңіздер. Кәсіптеріңізге береке, зор табыс тілеймін.»- деп лебізін білдірді.
Кездесуде аудандағы мал шаруашылығының дамуына үлес қосып жүрген бірқатар шаруақожалық төрағаларына аудан әкімінің Алғыс хаттары табысталды.
Жиын барысында шаруақожалық иелері де сөз алып, өздерінің пікірлерін ортаға салды,


