Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан әкімі мемлекеттік қызметшілерді құттықтады

Аудан әкімі мемлекеттік қызметшілерді құттықтады

Ардақты әріптестер!

Сіздерді бүгінгі кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын!

Кез келген өркениетті елде мемлекеттік қызметкердің атқаратын рөлі ерекше. Мемлекеттік басқарусыз кез келген қоғамның бірлігі бекемделіп, әлеуеті артып, тұрақты дамудың даңғыл жолына түсуі мүмкін емес. Осыдан-ақ, мемлекеттік қызметтің жауапкершілігі мол, абыройлы міндет екенін айқын аңғаруға болады. Себебі, билікке деген сенім қай кезде де мемлекеттік қызметшілерден басталады.

Құрметті мемлекеттік қызметшілер!

Тәуелсіз еліміздің дамуы Сіздердің жаңаша ұмтылыстарыңыз бен жігерлеріңізге, іскерліктеріңізге байланысты.

Осы орайда, өңіріміздің өркендеуіне ерен еңбек сіңіріп жатқан ауданымыздағы барлық мемлекеттік қызметшілерге зор денсаулық, әулеттеріне амандық, отбасыларына ортаймас ырыс тілеймін!

Жаңа Қазақстанды құруды мұрат еткен жасампаз халқымыздың жарқын болашағы жолында атқарып жатқан жұмыстарыңыз жемісті болсын!
Ел игілігі жолындағы еңбектеріңіз табысты болып, абырой биігінен көріне беріңіздер.

Ізгі ниетпен, аудан әкімі С.СЕРМАҒАМБЕТОВ

23 маусым 2022 ж. 456 0