Аудан әкімі ауыл тұрғындарын жеке мәселелер бойынша қабылдады
Аудан әкімі С.Сермағамбетов ауылдық округтерді аралау барысында тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.
Қабылдауға жазылған Мергенсай, Сапақ және Аралқұм ауылдық округінің тұрғындары негізінен жұмысқа орналасу мәселесі бойынша жүгінді. Тұрғындардың мәселесін тыңдаған аудан басшысы мамандықтарына сәйкес бос жұмыс орындары ұсынылатынын жеткізді. Мұнымен бірге келушілерге кәсіп жасауға ниетті болса, мемлекет тарапынан қолдау шаралары көрсетілетінін айтты.Сонымен бірге әрбір мәселе ескерусіз қалмайтынын білдіріп, ауылдық округтердің әкімдеріне бос жұмыс орындарын қарастырып, әлеуметтік жағдайларына сәйкес қолдау шараларын ұйымдастыруды жүктеді.
Аудан әкімдігінің баспасөз қызметі