Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Дене шынықтыру сабағына өзгерістер енгізілді

Дене шынықтыру сабағына өзгерістер енгізілді

Жаңа оқу жылынан бастап Мемлекеттік білім беру стандартына сәйкес барлық оқушы дене шынықтыру сабағын да, басқа пәнді бірге оқиды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл ретте мектеп бағдарламаларында қыздар мен ұлдардың дене шынықтыру жаттығуларының жекелеген нормативтері бар, олар сабақта міндетті түрде сақталуы тиіс. Мысалы, сабақта сынып қыздар мен ұлдар топтарына бөлінеді, ал мұғалім әр топқа жеке жаттығулар береді. Мұндай әдістемелік тәсілдерді сараланған әдісті қолдану қажет болғанда басқа пән мұғалімдері де пайдаланады. Мысалы, математика мұғалімдері есептерді мықты шығаратын оқушыға қиын тапсырмалар мен мысалдар береді, ал есептерді шығаруда қиналатын оқушыларға жеңілірек тапсырмалар береді, – дейді Оқу-ағарту министрлігі.

2021 жылдан бастап балаларға мемлекеттік тапсырыс арқылы үйірмелерге, спорт секцияларына баруға қосымша мүмкіндік берілген. Сондай-ақ бейінді министрліктің желісі арқылы балаларға арналған спорттық тапсырыс орналастырылады.

Осылайша, балалар дене шынықтыру сабағына аптасына 3 рет қатысады, сондай-ақ кесте бойынша спорт секцияларына да барады. 2021 жылдан бастап енгізілген тағы бір жаңалық – дене шынықтыру пәні мұғалімдеріне 3 сағаттық спорт секциясын өткізгені үшін жалақысына қосымша 100 пайыз төлем қосылады. Олар да міндетті және бұл секцияларға оқушылар қатысады. Мұның бәрі оқу жоспарларының шамадан тыс жүктемесін болдырмай, балалар арасында бұқаралық спортты дамытуға жағдай жасайды, – делінген министрліктің хабарламасында.
18 тамыз 2022 ж. 1 100 0