Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қос ардагер ұстазға Қызылорда облысының «Құрметті азаматы» атағы берілді

Қос ардагер ұстазға Қызылорда облысының «Құрметті азаматы» атағы берілді

«Білімді ұлт: терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық қасиет» педагогикалық тамыз кеңесі пленарлық мәжілісінде қызылордалық қос ардагер ұстазға «Құрметті азаматы» атағы берілді.
Педагогтер жиында алғаш рет халықтың құрметіне бөленген қос ардагер ұстаз Төлепберген Қасымов пен Марк Подольскийге Қызылорда облысының «Құрметті азаматы» атағы берілді. Тоқсанның төріне шыққан қос ұстазға аймақ басшысы ілтипат білдіріп, ең жоғары марапатты табыс етті.
Төлепберген Смағанбетұлы – «КСРО – халық мұғалімі», «Кәсіптік білім саласының еңбегі сіңген қызметкері» атағымен марапатталған. Бірнеше мәрте КСРО – Жоғарғы Кеңесінің, КСРО-ның ғылым академиясының құрметтеріне ие болған. Төлепберген Қасымовтың есімі КСРО-ның үлкен энциклопедиялық сөздігіне, мемлекеттік Құрмет кітабына енген.
Марк Захарович – білікті маман, сауатты басшы және шебер ұйымдастырушы ретінде аймақтың дамуына үлес қосқан қайраткер.Білім саласына сіңірген ерлеулі еңбегі үшін «Парасат» ордені мен «Ерең еңбегі үшін» медалімен марапатталған.
Айта кетейік, білім саласының қызметкерлеріне Қызылорда облысының «Құрметті азаматы» атағы алғаш рет табысталып тұр.


kyzylorda-news.kz
26 тамыз 2022 ж. 591 0