Жаңғыру жолындағы Жолдау
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының еліміздің ертеңіне арнаған кезекті жолдауы келешекке деген нық сенім беретін тарихи құжат деп бағалауға болады. Тарихи сәтпен, жаңа реформалар алдында тұрған еліміздің саяси өзгерістерге нық, әрі сеніммен бет бұрғанын көрсетіп тұрғандай.
Әділетті жаңа Қазақстан құрудың сара жолын салмақтаған Қасым – Жомарт Кемелұлы ел экономикасының тарихи мүмкіндіктерінің тамырын талдап, даму нәтижелердің мүмкіншілігін қарапайым халық көруі керектігін нақтылап берді.
Мысалға айтар болсақ – Ұлттық қордағы инвестициялық түсімнің 50%-ын 2024 жылдан бастап еліміздің 18 жасқа толмаған азаматтарының жеке есепшотына аударуы, әйелдердің зейнетке шығу жасы 61 болып белгіленуі, елдегі әлеуметтік теңсіздікті жою жолында ел байлығының игілігін барлық азаматтар көруіне септігін тигізері сөзсіз анық. Сондай-ақ, сот жүйесі мен құқық қорғау саласын, ауыл шаруашылығы секторын реформалау бойынша ұсынылған жолдаудың негізгі бағыттар президент айтқан – Әділетті Қазақстанды құру жолындағы тарихи алғашқы қадамдар екенін баса айтуымыз керек санаймын. Қорыта айтар болсам ел президенттің осы жолғы жаңа жолдауы ел халқының талайдан күткен ойларын еңсергендей.
Мемлекет басшысының өкілетті мерзімін 7 жылға ұзартып, бірақ сайлану мерзімін бір мерзіммен асырмауына шектеу бастамасы да билікті монополиялау үрдісін ретке келтіру мүмкіндігін тарих сахнасына алып шыққаны анық. Ескі мен жаңаның ортасынан жаңғыру жолын айқындап, жарқын сәттердің жаршысына айналған бүгінгі жолдау билік тармақтарына ғана емес, барша ел халқы үшін тарихи жауапкершілікті жүктейді. Қазақ елінің гүлденуіне үлес қосу баршамыздың бүгін істер міндетіміз. Президентіміздің жолдауын қолдап, оны бірге жүзеге асыруға шақырамын.
Болат Шораев,
Қызылорда қаласындағы №282 мектеп-лицейінің директоры
kyzylorda-news.kz