Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ДАМУ ЖОЛЫНДАҒЫ ТЫҢ БАСТАМАЛАР

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ДАМУ ЖОЛЫНДАҒЫ ТЫҢ БАСТАМАЛАР

Жолдаудың бірнеше сатысына тоқталып өтетін болсақ:
1. «Біз «Азамат – бизнес – мемлекет» арасындағы қатынасты түбегейлі өзгертеміз.
Мемлекет, ең алдымен, бәріне бірдей мүмкіндік береді және әділдік орнатады».
2. «Жастарға жан-жақты қолдау көрсету – мемлекетіміздің басты міндетінің бірі.
Еңбекпен қамтитын түрлі шаралар арқылы келесі жылы 100 мың жасқа жұмыс берілетіні айтылды.
Жастардың кәсіпкерлік бастамаларына қолдау көрсетіле бермек. Оларға жеңілдетілген тәртіппен жылдық өсімі 2,5 пайыз болатын шағын несие беріледі.
Бұл шаралар қоғамның барынша үйлесімді әрі әділетті болуына ықпал етеді»
3. «Бізге ел бірлігі ауадай қажет. Ереуілге қатысқандар да, күштік құрылым қызметкерлері де – өз азаматтарымыз. Олар сот әділ өтеді деп қана емес, қоғам кешірімді болады деп үміттеніп отыр.
Мемлекет қаңтар оқиғасына қатысқан, бірақ ауыр қылмыс жасамаған азаматтардың жазасын жеңілдетті. Заң бұзғандардың бірқатары кінәсін түсініп, өткен іске өкініп отыр.
Сондықтан, Президент қаңтар оқиғасына қатысушыларға бір реттік рақымшылық жариялау туралы шешім қабылдады
4. Мемлекет басшысы биылғы күзде кезектен тыс Президент сайлауын өткізуді ұсынды.
Әділетті Қазақстанды құру жолында түбегейлі және жан-жақты реформаларды табысты жүзеге асыру үшін халықтың жаңа сенім мандаты қажет.
Мен үшін мемлекет мүддесі бәрінен биік. Сондықтан мен өкілеттік мерзімімді қысқартуға және кезектен тыс Президент сайлауына баруға дайынмын.
Сондай-ақ, мен көп ойланып, Президент өкілеттігі мерзімдерінің санын және ұзақтығын қайта қарау қажет деген байламға келдім. Президент мандатын ұзақтығы 7 жылдық бір мерзіммен шектеуді ұсынамын. Бірақ қайта сайлануға тыйым салынады»-деді Президент Қ.К.Тоқаев.
Сөзінің соңында Президент «Біздің бүгінгі бастамаларымыз Қазақстанның болашағын айқындайды.
Біз күн сайын ескі мен жаңаның, тоқырау мен дамудың арасынан таңдау жасаймыз. Баршаңызды ұлт мүддесі үшін ұйысуға шақырамын.
Бәріміз бірлігімізді бекемдей білсек, ешқашан әділдіктен аттамасақ, берекелі ел боламыз» түйіндеді.

Амангелді Бөлекбаев,
аудандық партиялық бақылау комиссиясының төрағасы
08 қазан 2022 ж. 376 0