Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Прокурорлар алғысқа бөленді

Прокурорлар алғысқа бөленді

tolqyn.kz Тәуелсіздік жылдарында прокуратура органдары өзінің қалыптасу жолдарынан өтті. Прокуратураның беделі еселеп өсіп, оның әлеуметтік маңыздылығы артта түсті. Мемлекет басшысы қойып отырған маңызды міндеттерді орындай отырып, прокуратура заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етудегі мемлекеттің сенімді тірегіне айналды.
Қоғам өмірінің барлық саласында заңдылықтардың сақталуын қадағалайтын прокуратура органдары қызметкерлерін аудан әкімі Серік Сермағамбетов қабылдап, сала қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады.
«Бүгінде прокуратура заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша мемлекеттің сенім тірегіне айналды. Прокуратура қажырлы еңбекті талап ететін күрделі сала. Осы жауапты міндеттерді орындау үшін табандылық, парасаттылық, білім мен білктіліктің де қажет екендігі айқын.
Сіздерді еліміздің өркендеуі үшін заң үстемдігін орнатудағы еңбектеріңізге сәттілік серік болсын. Дендеріңізге саулық, Отбасыларыңызға амандық тілеймін. Кәсіби қызметте зор жетістіктерге жетіп, абырой биігінде болыңыздар»-деді Серік Сағитжанұлы.
Еліміздегі тұрақтылық пен азаматтардың қалыпты өмір сүруі прокуратура органдарының қызметінің тиімділігіне байланысты. Прокурорлық қадағалау қоғам өмірінің барлығына дерлік маңызды саласын қамтиды, ал тиімді құқық қорғаушылық мақсат пен заң үстемдігі оның қызметінің негізгі мазмұны болып табылады. Прокурорлардың күш-жігері қоғамдағы әлеуметтік-саяси тұрақтылықты нығайтудың, азаматтардың еңбек және экономикалық құқықтарын қорғаудың ең маңызды бағыттарына шоғырландырылған.
Аудан әкімі С. Сермағамбетов аудандық прокуратура ұжымын төл мерекелерімен құттықтап, аудан прокуроры Мадияр Бекпановты алғыс хатпен марапаттады.
        
09 желтоқсан 2022 ж. 423 0