Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » «AMANAT» партиясының Арал аудандық филиалына жаңа төраға сайланды

«AMANAT» партиясының Арал аудандық филиалына жаңа төраға сайланды

«AMANAT» партиясының аудандық филиалының кезектен тыс XXХIX-ші конференциясы өтті.
Аудандық конференциясына Қызылорда облыстық филиал төрағасы Наурызбай Сейітқалиұлы, саяси кеңес мүшелері мен ардагерлер, барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары, қоғамдық кеңес мүшелері, бастауыш партия ұйымдарының өкілдері мен «Жастар рухы» жастар қанатының жастары қатысты.
Жиынның күн тәртібі бойынша партияның аудандық филиал төрағасын сайлау және Саяси кеңестің құрамына өзгерістер енгізілді.
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша Арал аудандық филиалының төрағасы болып Төреахметов Базарбай Шөменұлы сайланды.

"Толқын" ақпарат
10 қаңтар 2023 ж. 581 0