Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазалыда тәрбие саласының бірлескен кеңесі өткізілді

Қазалыда тәрбие саласының бірлескен кеңесі өткізілді

Бүгін Қазалы ауданында облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен «Отбасы тәрбиесі - қоғам негізінің бастауы» атты тәрбие саласының бірлескен кеңесі өткізілді.

Басқосуға облыстық білім басқармасының басшысы Мейрамбек Шермағанбет, аудан әкімі Мұхтар Оразбаев, бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкіл Жапырақ Ұзақбаева мен ата-аналар, білім саласының қызметкерлері мен ардагерлер, құқық қорғау органдардың және салалық бөлімдердің басшылары, бұқаралық ақпарат құралдары мен ҮЕҰ өкілдері қатысты.

Кеңейтілген кеңестің күн тәртібіне сәйкес, білім бөлімінің басшысы Ә.Жөлекешов аудандағы білім беру ұйымдарында құқық бұзушылық пен зорлық-зомбылықтың алдын алу және бала қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері туралы айтса, аудандық полиция бөлімінің бастығы Б.Кабизов кәмелетке толмағандар арасында қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу шараларына байланысты және ауданаралық аурухананың бас дәрігері Б.Алишева ерте жүктіліктің алдын алу және салауатты өмір салтын қалыптастыру жөнінде хабарлама жасады. Сонымен қатар бала құқығы жөніндегі өңірлік уәкіл Ж.Ұзақбаева баланың әлеуметтік қорғалуы туралы ойын ортаға салса, облыстық білім басқармасының басшысы М.Шермағанбет білім беру ұйымдарында құқық бұзушылық пен зорлық-зомбылықтың, суицидтің,кибербуллингтің алдын алу, болдырмау және бала қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы бірқатар мәселелерге тоқталды.

kyzylorda-news.kz

09 ақпан 2023 ж. 308 0