1 наурыз - Алғыс айту күні

Көптеген қазақстандықтар бұл күнді отбасымен бірге өткізіп, мерекелік дастархан әзірлеп, жақындарына сыйлықтар беріп, жағымды тосынсыйлар жасайды. Мұқтаж жандарға қолдау көрсету мақсатында қайырымдылық шаралары ұйымдастырылады.
Алғыс айту күнін белгілеу 2015 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІІ сессиясында ұсынылды. Содан бері бұл мереке жыл сайын көктемнің алғашқы күні тойланады.
egemen.kz