Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Ауыл шаруашылығы саласын дамыту бойынша кеңейтілген семинар өтті

Ауыл шаруашылығы саласын дамыту бойынша кеңейтілген семинар өтті

Арал ауданына облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, қаржы институттары, акционерлік қоғам және мемлекеттік кәсіпорын басшыларынан құралған жұмысшы топ өкілдері іссапармен келіп, мемлекет тарапынан берілетін жеңілдіктер, қаржы институттары арқылы несиелендіру сынды тақырыптар бойынша аудандағы шаруа қожалық иелерімен арнайы жиын өткізді.
Топ құрамында облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары Қ. Сәрсенбаев пен басқарманың мал шаруашылығын дамыту бөлімінің басшысы Д. Әбдурасилов және «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Қызылорда филиалының директоры М. Тұрмаханов, «Қызылорда өңірлік инвестициялық орталығы» ЖШС директоры М. Тасқараев, «Байқоңыр» ӘКК АҚ төрағасы С. Ерниязов бар.
Жиынға дербес бөлім басшылары мен кент, ауылдық округ әкімдері, шаруа қожалықтар төрағалары және жеке кәсіпкерлер қатысты.
Кездесуді аудан әкімінің орынбасары Е. Әбішев ашып, бүгінге дейін ауданымыздың ауыл шаруашылығы саласында жеткен жетістіктеріне тоқталып өтті.
Мұнан кейін, облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары Қ. Сәрсенбаев сөз алып, қазіргі таңда мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдау шаралары аймағымыздың аграрлық саласының дамуына зор септігін тигізіп жатқандығын жеткізді. Сондай-ақ, осы орайда бұл шараларды өз деңгейінде жалғастыруға кәсіпкерлерге несие беретін қаржылық корпорациялардың мүмкіндіктерін тиімді пайдалануды айтты.
Осы орайда, топ өкілдері келген шаруа қожалық төрағаларына өз бағдарламаларын ұсынып, заңды және жеке тұлғалар арасында қаржы институттарымен бірлесіп көктемгі егін егу және дала жұмыстарын жүргізуге қажетті қаржы көлемдерін толықтыруға несиелендіру жұмыстарын жүргізу, ауыл шаруашылығы техникаларын лизингке алудың және мал шаруашылығы мен астықты форвардтық сатып алу барысы бойынша жан-жақты түсіндіріп өтті.
Жиын соңында кәсіпкерлер субсидиялау мен несие беру жолдары турасында өздерін толғандырған сұрақтарға жауап алып, пікір алмасты.

Арал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі  
03 наурыз 2023 ж. 276 0