Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Серік Сермағамбетов Арал қаласының тұрғындарымен кездесті

Серік Сермағамбетов Арал қаласының тұрғындарымен кездесті

Арал ауданының әкімі Серік Сермағамбетов Арал қаласы тұрғындарымен кездесуде білім саласына ерекше тоқталды.
«Өткен жылы Арал қаласында №71 мектеп-интернаты пайдалануға беріліп, апатты жағдайдағы Тоқабай елді мекеніндегі №248 орта мектептің құрылысы облыс әкімінің қолдауымен демеушілер есебінен салынуда. Сондай-ақ, былтыр 5 балабақша пайдалануға берілді.

2025 жылға дейін аудан бойынша 12 мектеп салынса, оның 4-еуі «Жайлы мектеп» бағдарламасы аясында жүзеге асады. Бұған қоса алдағы 2 жылда 4 орта мектепке күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады»,- деді С. Сермағамбетов.

Арал қаласы тұрғындарымен кездесуде аудан әкімі жыл басы жақсы жаңалықпен басталғандығын айтты. Темір жол үстінен аспалы көпір салу үшін республикалық бюджеттен қаржы қаралып, құрылыс жұмыстары жақын күндері басталатындығын жеткізді.

Қала тұрғындарымен есепті кездесуде аудан әкімі халық көкейіндегі сұрақтарға жауап беріп, ең алдымен елді мекендерде күнделікті тіршілік қамтамасыз ететін обьектілер мен әлеуметтік нысандардың кезектілігі бойынша салынатындығын жеткізді.

Сондай-ақ тұрғындар көтерген мәселелерді саралап, қажетті шараларды атқару үшін тиісті бөлімдерге тапсырма жүктеді.
Кездесуден соң аудан әкімі ауыл тұрғындарын жекелеген мәселелер бойынша қабылдады.

kyzylorda-news.kz
19 наурыз 2023 ж. 191 0