Аманөткелде жол салынып жатыр

Ауыл ішінде бой көтерген ғимараттар мен мәдени нысандар бүгінде Аманөткелдің ажары болып тұр. Тұрғындары да жақсы бастамаға тілекші, бірлесе іс қылуға ниетті. Құр жатқан жанды көрмейсіз. Бірі мал бақса, бірі балық шаруашылығын кәсіп еткен. Кәсіпкерлер де қазіргі таңда ауыл өміріне қарайласып, қолдан келген көмегін аямай келеді. Жастар жағы да жағымды іске жұғымды. Осы кезге дейін Сырға созылған имек жіп тәрізді күре жолдың қазіргі күйі жақсарған. Осы жолдың бір тіні Аманөткелге барып тіреледі. Одан әрі Бөгенге жалғасып жатыр. Енді бұл жол мәселесінде айтарлықтай қиындық жоқ деуге болады.
Ауылда байланыс, ғаламтор және тіршілікке қажетті барлық инфрақұрылым бар. Айыбы көгілдір отын. Бұл мәселеге қатысты да түйіннің тіні тарқатылады деген үміт жоқ емес. «Мұнан да жаманында тойға барған» ауылдағы ағайын барлығына сабырмен және түсіністікпен қарайды. Сол пейілдеріне берсе керек, қазір Аманөткел ауданға қарасты ауылдардың ішінде көш ілгері. Ауылдағы ағайынға қажетті ауылішілік жолдың жайы да бұл кезге дейін айта-айта жауыр болып келген-ді. Енді ол мәселенің де шешілетін күні алыс емес. Нақтысы қазіргі таңда ауылда «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында құны 145,9 миллион теңге болатын ауылішілік 3 көшенің автомобиль жолдары құрылысы басталып кетті. Бұл істе «Қазалы Жолшы» ЖШС мердігер мекемесіне сенім артылып отыр. Қазіргі уақытта мекеме тарапынан Аманөткел-1 (70,1 млн.тг) көшесін орташа жөндеу жұмыстары басталып, тегістеу жұмыстары жүргізілуде.
Иә, «Елдің жайын білгің келсе, жолына қара» деуші ме еді. Бұл өміршең сөз анығында атқарылған іске анықтама болып тұр емес пе?! Енді Аманөткел жайлы білгіңіз келсе, жолына қара дейміз. Қалған мәселесі ретін тауып шешіліп келе жатқанын көз көріп келеді. Ендігі тілек – елдің амандығы. Қалғаны жаймен бола жатар.