Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордалық шебердің тоқыған кілемдері шетелдіктердің сұранысына ие

Қызылордалық шебердің тоқыған кілемдері шетелдіктердің сұранысына ие

Қызылорда облысының Сырдария ауданында тұратын Салтанат Әбдіраманова 9 сыныптан бастап кілем тоқиды. Ал бүгінде жасы алпыстан асты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ол жерлесі, қолөнерші Роза Әлбатыровамен ұзақ жылдан бері қатар еңбектеніп келеді. Әйтпесе, бұл — жалғыз адам беттемейтін бейнеті көп жұмыс.
    "Екеуміз бала күннен біргеміз. Кейде оның келіні көмектеседі. Үлкен кілемді бәріміз жұмылғанда 1,5-2 айда тоқып бітіреміз. Бастан-аяқ қолмен атқарамыз. Арнайы аппарат жоқ", - дейді кейіпкеріміз.

Базарда кілем түр-түрімен тұр. Бірақ қолмен тоқылғанның одан айырмасы айтарлықтай.

    "Мысалы, біздің үйде менімен жасты кілем бар. Әлі сол күйі. Бұлар ғасырдан-ғасырға мұра болып қалатын бұйым", - дейді шебер.

Қазақтың қолөнерін сақтаушылар елімізде саусақпен санарлық. Салтанат апа оны тоқу тұрмақ, сатып алуға өзімізден гөрі шетелдіктердің қызығушылығы жоғары екенін айтты.


    "Америка, Италия, Өзбекстан, тағы басқа елдерге тапсырыспен дайындадық. Қазақтың арасынан алдыратындар негізінен егде жастағылар, онда да өте сирек", - дейді ол.


Ең үлкен кілем 300-500 мың теңге аралығында сатылған.


14 мамыр 2023 ж. 372 0