Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » 77 жастағы зейнеткердің батыл қадамы

77 жастағы зейнеткердің батыл қадамы

Новосібірлік зейнеткер Любовь Зозуленко Байкал көлінің мұзының астынан жүзіп өтті.

77 жастағы зейнеткер 10 метр жүзген. Су температурасы 0 градус болса, жердегі ауа температурасы минус 20 градусты құраған. Зейнеткер бұған 3 апта дайындалған. Зейнеткердің айтуынша ең қорқыныштысы мұз астына түсу болған. Бірақ қария қорқынышын жеңіп, мақсатын жүзеге асырған.
qazbrand.info
04 ақпан 2019 ж. 842 0