Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жасанып қайта жырлашы

Жасанып қайта жырлашы

Сақтардың сақтап сарынын,Түркіден тартқан тамырын.
Өлеңнің жүйрік өрені,
Өзендей асау арының.

Марғасқам өзің кеткелі,
Ауылдың тау,тас бөктері.
Мұңын айтады тарихқа,
Желбіреп жырдың шекпені.

Домбыраң тұр шертілмей,
Саф өнердің сертіндей.
Исі қазаққа ортақ ең,
Бабаларымның бөркіндей.

Тәңірдің сый ғып тартуы,
Марғасқа ұлдың мәрт үні.
Жадында елдің жаңғырар,
Жырларыңның жарқылы.

Заңғарындайсың зердемнің,
Мәңгілігіңді меңгердім.
Сүрлеуге сонау соқпақ сап,
Өлеңім менен өң бердім.

Толастай қоймас жыр көшкін,
Болашақпенен үндестің.
Тәбәрік жырды тарту ғып,
Рухыңменен тілдестім.

Тұрар ШАЙДІЛДАҰЛЫ.
09 ақпан 2018 ж. 974 0