Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан әкімінің құттықтауы

Аудан әкімінің құттықтауы

Құрметті бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері!
Қадірлі сала ардагерлері!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бүгінде біз жаһандық даму көшінен қалмай төрткүл дүниедегі оқиғалардан дер кезінде хабардар болып отырсақ, ол ең бірінші ақпарат айдынында жүрген журналистердің еңбегі.
Бүгінгі қоғамның өзекті әрі шынайы ақпаратқа деген талғамы өте жоғары. Сіздер оқиғалардың қалың легіндегі ақиқатты дөп басып, дүйім жұртқа шындықтың бетін ашатын дәнекерсіздер. Ұлт мүддесін бәрінен биік қойып, ел қамы үшін қалам тартқан, жасампаздық пен жақсылықтың жаршысы болып жүрген Өздеріңіздің еңбектеріңізді біз әрдайым жоғары бағалаймыз және құрметтейміз.
Құрметті сала қызметкерлері!
Сіздердің кәсіби қызметтеріңіз алдағы уақытта да біздің өңіріміздің оң келбетін қалыптастыруға, оның әлеуметтік-экономикалық дамуын көрсетуге, қоғамдағы келісім мен ынтымақтастықты нығайтуға бағытталатындығына кәміл сенімдімін.
Сіздерге ақпарат айдынындағы қажырлы қызметтеріңіз үшін үлкен алғысымды білдіре отырып, баршаңызға мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық, шығармашылық табыс пен шалқар шабыт тілеймін.
Мереке құтты болсын!
Ізгі тілекпен, Арал ауданының әкімі Серік Сермағамбетов
28 маусым 2023 ж. 265 0