Екі ғасырлық тарих һәм жиырма бес жылдық белес

«Сыр – Алаштың анасы» деп бекер айтпаса керек дана халқымыз. Қара орман қазақтың анасына айналып, панасы болған Сыр елінің бас қаласы Ақмешіт 1818 жылы ресми түрде жарияланғаны тарихтан белгілі. Мұнан кейін де қаланың атауы бірнеше рет өзгертілді. Яғни, Ақмешіт атауы бір кездері Перовск болса, уақыт өте қайтадан алғашқы атауы берілді. Ал 1925 жылдан бастап Сыр елінің бас қаласы Қызылорда болып өзгертілді. Міне, содан бері де небір кезеңдерді бастан өткерген көне шаһардың бүгінгі көрінісі заман ағымымен үндесе, Есіл жағалауындағы ерке қалаға қарап бой түзегендей.
Иә, Алашқа ана, қалың елге пана болған тарихи өлкенің тым әріден бастау алатын тарихы әлі талай ұрпақтың мақтанышына айналары сөзсіз. Ал осыдан жиырма бес жыл бұрын ресми түрде Қазақстан Республикасының асатанасы атанған Астана қаласының бүгінде еліміздің бас қаласына айналғанын әрбір қазақ баласы жақсы біледі. Міне, Сыр мен Сарыарқаны байланыстырған осы бір маңызды кезеңді дүйім ел болып тойлауымыздың өзі өткенге құрметпен, ертеңге үмітпен қарайтындығымызды айқындайды. Ортақ мүдде тоғыстырған қос қаланың маңызды мерейтойы барша қазақстандықтарға құтты болсын дейміз.
А. ҚАРАСАЙ