Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан әкімі тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады

Аудан әкімі тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады

Аудан әкімі Серік Сермағамбетов кезектілік тәртібімен жазылған тұрғындарды қабылдап, мәселелері мен ұсыныс-тілектерін тыңдады.
Келушілер негізінен тұрғын үй, жер және көшеге асфальт жол салу, биіктету, жарықтандыру мәселелерін көтерді.
Қабылдау барысында тұрғын үй сұрай келген азаматтарға Арал қаласынан салынып жатқан тұрғын үйлер халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына кезектілік сақтай отырып берілетіндігі түсіндірілді. Сонымен бірге адвокаттар кеңсесіне ғимарат қажеттілігімен жүгінген тұрғынға алдағы уақытта ыңғайлы орын қарастырылатын болды.
Ал көшені асфальттау мен жарықтандыру бойынша қаладағы жүзеге асырылып жатқан жобалар және алдағы жоспарлар туралы түсініктеме берілді.
Әрбір тұрғынның   мәселесіне жіті назар аударып тыңдаған аудан әкімі айтылған өтініштердің барлығы назарда болып, заң аясында шешілуі үшін жұмыс жасалатындығын айтты.

"Толқын" ақпарат
29 шілде 2023 ж. 183 0