Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » «Халықаралық журналистика» мамандығына ішкі грант конкурсы жарияланды

«Халықаралық журналистика» мамандығына ішкі грант конкурсы жарияланды

Президент Телерадиокешені мен Maqsut Narikbayev University «Халықаралық журналистика» бағдарламасының ағылшын-қазақ бөліміне түсушілеріне арналған ішкі грант конкурсын жариялайды. Бұл бастама елдегі журналистиканың болашағын қолдауға және дамытуға деген ұмтылысты көрсетеді.

Еске сала кетсек, биыл ҚР Президентінің Телерадиокешені мен Maqsut Narikbayev University Қазақстанның бәсекеге қабілетті БАҚ дайындау саласында ынтымақтастық орнатқан болатын. Меморандум аясында осы жылы «Халықаралық журналистика мектебі» ашылатын болады.

Халықаралық журналистика мектебінің білім беру бағдарламасында бұқаралық ақпарат құралдарының соңғы тенденцияларына сәйкес журналистиканың заманауи әдістерін оқытуға ерекше мән беріледі. Тәжірибе үшін мұндай мүмкіндіктерді «Jibek Joly» телеарнасы, «ҚазАқпарат» ХАА, Деректі кино орталығының платформасы ұсынатын болады. Оқу мерзімділігі үш жыл.

Қатысу шарттары:
1) Сілтеме арқылы өтіп, нысандарды толтыру: https://forms.amocrm.ru/rrxtlrm
2) Поштаңыздан нұсқаулық хатын күту.

Тіркелу тамыздың 22, сағат 18:00 дейін жалғасатын болады.

turkystan.kz
22 тамыз 2023 ж. 123 0