Жақсықылыштағы мектеп қоры 100 жаңа оқулықпен толықты

Кенттегі білім ордасында өткен жиында аудан әкімінің орынбасары К. Бержанов және «Аралтұз» АҚ зауытының директоры А. Жақпаров қатысып, оқулықтарды мектеп директорына табыстады.
Жиында сөз алған аудан әкімінің орынбасары ұстаздар мен оқушыларды оқу жылының басталуымен құттықтап, сапалы білім мен саналы тәрбие алуларына тілектестік білдірді. Сонымен бірге, оқушылардың құнды кітаптарды оқып, білуіне мүмкіндік тудырып, демеушілік жасаған «Аралтұз» АҚ-на ризашылығын жеткізді
Оқу ордасына тарту етілген әлемдік деңгейдегі оқулықтар экономика, менеджмент, тарих, кәсіпкерлік, әлеуметтану және басқа да салаларды қамтиды.
Атап өтейік, «Аралтұз» АҚ қоғамы Мектепке жол» акциясы аясында 50 оқушының мектеп формасымен және спорттық киімдермен қамтылуына демеушілік жасаған болатын.

Арал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі