Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Құқық бұзушылықтың құрамы болмауына байланысты іс тоқтатылды

Құқық бұзушылықтың құрамы болмауына байланысты іс тоқтатылды

Арал аудандық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігімен азамат Б-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, азамат Б. 27 желтоқсан 2018 жылы «Ауди 100» маркалы көлік құралын есірткілік масаң күйінде басқарған деп, оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігімен әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылған.
Сот отырысында азамат Б. бұл кезде есірткілік масаң күйде болмағанын, есірткі құралын бұдан бір апта бұрын қолданғанын көрсеткен.
Іс құжаттарына тіркелген психикалық белсенді зат пайдалану және мас болу фактісін анықтау туралы қорытындыда азамат Б-ның масаю күйі анықталмаған деп қорытынды жасалған.
Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 10-бабының тәртібі бойынша, ешкім де өзінің кінәсіздігін дәлелдеуге міндетті емес. Кінәлілікке  келтірілген кез келген күдіктер өзіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалған адамның пайдасына түсіндіріледі.
ӘҚБтК-нің 741 бабының 1-бөлігінің 2)-тармағына сай,әкiмшiлiк құқық бұзушылықтың құрамы болмаған кезде әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзудi бастауға болмайды, ал басталған iс тоқтатылуға жатады.
Осыған орай, азамат Б-ға қатысты Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігімен қозғалған әкімшілік іс, әкімшілік құқық бұзушылықтың құрамы болмауына байланысты тоқтатылды. Сондай-ақ, келешекте осындай кемшіліктерді болдырмауға тиісті шаралар қолдану үшін Арал АПб-нің басшысының атына жекеше қаулы қабылданған.
Айта кету керек, бұдан бөлек тағы бір осы тектес әкімшілік іс осындай негізбен тоқтатылған.
Арал аудандық сотының
баспасөз қызметі.
 
14 ақпан 2019 ж. 994 0