Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан әкімі өнегелі отбасыларды қабылдады

Аудан әкімі өнегелі отбасыларды қабылдады

«Баршаңызға мәлім, елімізде қыркүйек айының екінші жексенбісі «Отбасы күні» болып белгіленген. Сіздерді осы мерекемен және биылғы «Алтын той» мерейтойларыңызбен шын жүректен құттықтаймын. Отбасы – қоғамның іргетасы әрі ажырамас бөлігі. Қазақылықтың қаймағы бұзылмаған ауданымызда мәуелі бәйтерекке айналған - Өздеріңіздей үлкен әулеттің, мерейлі отбасылардың қатары қалың. Сіздерді ауданымызда алғаш болып бой көтерген «Отбасын қолдау» орталығында қабылдаумыздың да өз сыры бар. Бұл жерден отбасын құрып, үлкен өмірге қадам басқан жандарға барлық қолдаулар қарастырылған. Мемлекеттік бағдарламалар, түрлі жеңілдіктер туралы да осында біліп үйренуге болады. Күн сайын қаншама адам осы жерден әр сала мамандарынан кеңес алып, кәсіп ашып алға қойған мақсаттарына үлкен сеніммен аттанады»-деді, Серік Сағитжанұлы.
Аудан басшысымен кездесуге түрлі салада қызмет еткен, еңбек адамдары, жарты ғасырға жуық отбасылық өмір сүріп, ұрпағына тағылымды тәрбие берген қарттар жиылды. Олар өмірлік тәжірбиелері мен жанұялық өмірдегі жетістіктері мен ғибратты әңгімелерін ортаға салды.
Басқосу соңында аудан әкімі жиылғандарға Арал тарихынан сыр шертетін кітап пен естелік сыйлық тарту етті.
Ардагерлер атаулы мереке қарсаңында мерейлі отбасыларға құрмет көрсеткен аудан басшысына өз ризашылықтарын білдірді.

Арал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі
12 қыркүйек 2023 ж. 166 0