СОЛТҮСТІК ӨҢІРЛЕРДЕН БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ ҰСЫНЫЛДЫ
Солтүстік өңірлерден жұмыс күшімен қамтамасыз ету, өңірлік диспропорция мен демографиялық теңгерімсіздікті жою мақсатында ерікті түрде қоныс аударуға жәрдемдесу мақсатында Абай, Қостанай, Ұлытау, Павлодар, Солтүстік және Шығыс Қазақстан облыстарынан келген жұмысшы тобы ауданда болды.Ақпараттық-түсіндірме жұмыс тобы Солтүстік өңірлердегі бос жұмыс орындары мен ерікті түрде қоныстанушыларға көрсетілетін мемлекеттік қолдау шаралары туралы толыққанды ақпараттар ұсынды.