Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Арал аудандық қазынашылық басқармасының басшысы тағайындалды

Арал аудандық қазынашылық басқармасының басшысы тағайындалды

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының ауысу тәртібімен Сералиева Раш Ибрагимқызы Қызылорда облысы бойынша қазынашылық департаменті басшысының 2023 жылғы 26 қыркүйектегі бұйрығымен Арал аудандық қазынашылық басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды.
Раш Ибрагимқызы – 1968 жылы 28 ақпанда Қызылорда облысы, Арал қаласында дүниеге келген.
Білімі жоғары. 1989 жылы Челябі есеп және несие колледжін  «Бухгалтер» мамандығы бойынша, Мәскеу мемлекеттік экономика, статистика және информатика университетінің қашықтықтан білім беру институтын «Экономист» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1986-1987 жылдары «Аралтұз» зауытында қаптамашы қызметкер болып бастаған.
1989-1992 жылдары Арал қаласындағы «Агропромбанк» аудандық филиалының есепшісі, есепші-экономисті, аға есепшісі;
1992-1997 жылдары Ұлттық банктің Арал қаласындағы филиалының есеп айырысу кассалық орталығының есепшісі, бас есепшінің орынбасары, аға есепшісі;
1998-2006 жылдары Арал аудандық қазынашылық басқармасының бас қазынашысы, пайдалану бөлімінің бастығы, сектор меңгерушісі-бас есепшісі, бюджеттің атқарылуы бойынша сектор меңгерушісі;
2006 жылдың маусым айынан бастап осы кезге дейін Арал аудандық қазынашылық басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарып келді.
29 қыркүйек 2023 ж. 360 0