Сайлауалды бағдарламаның орындалуы фракция отырысында қаралды

Күн тәртібіндегі «AMANAT» партиясының 2023-2027 жылдарға арналған «Халықпен бірге!» Сайлауалды бағдарламасы негізіндегі Қызылорда облысы бойынша Жол картасының қалаға қарасты іс-шараларының орындалу барысы бойынша қала әкімі Асылбек Шәменов баяндама жасады.
Жалпы «АМАNАТ» партиясының өңірлік сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Жол картасында барлығы 122 іс-шара қамтылған, оның ішінде Қызылорда қаласы бойынша 52 іс-шараның орындалуы жоспарланған.
Ал 2023 жылы Қызылорда қаласында 50 іс-шараның орындалуы жүзеге асырылуда. Оның ішінде 36-ы (72%) іс шара бүгінгі күнге орындалса, қалған 14 (28%) іс-шара орындалу үстінде.
Отырыс барысында фракция мүшелері өңірлік сайлауалды бағдарламаның іске асырылуы жөніндегі Жол картасының орындалуы бойынша бірқатар ұсыныстарын айтып, пікірлерін білдірді.

kyzylorda-news.kz
Сурет: kyzylorda-news.kz