Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудандық аналар кеңесінің қорытынды отырысы өтті

Аудандық аналар кеңесінің қорытынды отырысы өтті

Аудандық мәдениет үйінде «Аналар-ұлттың ұйытқысы» атты аналар кеңесінің отырысы өткізілді. Кеңес отырысына аудан әкімінің орынбасары К. Бержанов қатысып, аналардың қоғамдағы және отбасы құндылығын сақтаудағы айрықша роліне тоқталып өтті. Сонымен бірге түрлі салада еңбек етіп, ауданның дамуына үлес қосып жүрген әйел-аналарға құрмет көрсетіп, Алғыс хат пен сый-сияпат табыстады.
Алдымен аналар кеңесінің төрайымы Л. Ибраимова жыл көлемінде нәзік жандылардың қатысуымен атқарылған жұмыстарды баяндап өтті.
Одан соң жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Ғ.Тоғысова «Отбасын қолдау орталығы» тарапынан жүргізілген жұмыстар жөнінде көпшілікті хабардар етті.
Жыиын барысында аудандық көпбейінді орталық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Л.Әділбаева ана мен бала денсаулығын қорғау мәселелері жөнінде және Азаматтардың хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Ж. Шапатжанова неке және отбасы құндылықтарын сақтау мәселелері жөнінде хабарлама жасады.
Кеңес отырысының соңында мәдениет саласының ардагері Б. Қостаева аналар кеңесінің жұмысына оң бағасын беріп, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.
Аталмыш жиын мерекелік концертпен қорытындыланды.

Арал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі 

Фото: Арал ауданы әкімдігі
27 желтоқсан 2023 ж. 210 0