Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан әкімінің құттықтауы

Аудан әкімінің құттықтауы

Құрметтi жерлестер!
Баршаңызды келе жатқан Жаңа 2024 жылмен шын жүректен құттықтаймын!
Бірлік пен бейбітшілік, ырыс пен бақ-береке сыйлаған Қоян жылы көптеген келелі істер атқарылған, мол жетістік пен табысқа толы сәттілік жылы болды. Әлеуметтік маңызы бар құрылыс нысандары салынып, инфрақұрылымдар жүргізіліп, шақырымдаған жолдар жөнделді. Биыл Өздеріңізбен бірге ауданымыздың 95 жылдық торқалы тойын да атап өттік.
Халқымыз «Елу жылда ел жаңа» дейді. Осы жылдар ішінде елдің даму көшінде аралдықтардың да өзіндік орны бар. Сондықтан баршаңызға жасампаз еңбектеріңіз бен елге деген жанашыр ниеттеріңіз үшін шексіз ризашылығымды білдіремін.
Қадірлі ағайын!
Жаңа жыл – өткенді саралайтын, келешекке бағдар жасап, ертеңге батыл жоспарлар құрылып, үлкен міндеттер жүктелетін уақыт.
Жаңа Ұлу жылы Сіздерге игілік пен ізгілік, дендеріңізге саулық, шаңырақтарыңызға бақ пен береке, мол ырыс-несібе әкелсін!
Айдынды Арал өңірінің құты мен ырзығы арта бергей!
Еліміз еңселі, халқымыз бейбіт, Тәуелсіздігіміз мәңгілік болсын!
Жаңа жыл құтты болсын, ардақты жерлестер!
Ізгі тілекпен, Арал ауданының әкімі Серік Сермағамбетов

Фото: kaz.caravan.kz

31 желтоқсан 2023 ж. 291 0