Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына әдістемелік отырысы өткізілді

Онда мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартты талаптары және үлгілік оқу жоспары мен оқу бағдарламасын іске асыру аясында педагогтерге қойылатын талаптар, міндеттер баяндалып, алдағы уақытта жоспарға сәйкес өткізілетін іс-шаралар тізбектелді.
Сонымен қатар, қыркүйек айында аттестациядан өткізілетін жеке балабақшалар жұмысы сараланып, әрбір ұйымға тәжірибелі, білікті педагогтерден тәлімгерлер бекітілді.
Бөлімнің салаға жауапты маманы Әлия Құдайбергенова аймақ жұмыстарына талдау жасап, нәтижелі жұмыс көрсетіп отырған балабақшаларға алғыс білдіре отырып, алдағы жұмыстарына сәттілік білдірді.
Арал аудандық білім бөлімі