Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан әкімінің мерекелік құттықтауы

Аудан әкімінің мерекелік құттықтауы

Ардақты аналар, аяулы ханымдар, қымбатты апа-қарындастар!8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні – шуақты көктемнің ең ізгі, мейірім мен сүйіспеншілікке толы мерекесі. Ізгі ниет пен сұлулыққа, сырбаз сезім мен сыйластыққа толы осы күн жан-дүниені жадыратып, жүректерге жылу береді.
Аяулы аналарымыздың нәзік жүрегі сүйген жарына, перзентіне, туған елі мен Отанына деген махаббатқа арналған. Сол үшін де Сіздер ерекше құрметтісіздер.
Бүгінде, әйелдер қауымы, қоғамның барлық саласында, белсенді, беделді, бағалы! Сіздер, қазақ елін түлетіп, сән беріп, өңіріміздің дамуына, зор үлес қосып келесіздер.
Біздің қоғамымызда әйел тек отбасының береке-бірлігін ойлайтын тұлға ғана емес, ол мемлекеттік қызмет пен қоғамдық істе де, кәсіпкерлік пен тәлімгерлікте де тамаша табыстарға қол жеткізе отырып, саяси мәселелерге белсене араласатын қоғам мүшесі.
Тәуелсіздік туын тіктегелі еліміздің толағай табыстары мен айдынды өлкенің қол жеткен жетістіктерінің барлығында бесікті де, әлемді де тербете алатын әйелдер қауымының өз қолтаңбасы бар.
Шаңырақтың түтінін түзу ұшырған, өмірге ұрпақ әкелумен қатар қоғамдағы орнын да нықтаған жандар үлгі тұтуға әрдайым лайық.  
Аяулы  асыл  жандар!
Әйелдің  жүрегі – әлемнің тірегі, көктемнің гүліндей  құлпырып, әсемдіктің, әдептіліктің иесі болып, бақытты да баянды ғұмыр  кешіңіздер! Осы ерекше қасиеттеріңіз мәңгілік салтанат құрып,  елімізге ырыс-құт дарысын!
Баршаңызға зор денсаулық, баянды бақыт тілеймін! Мереке құтты болсын!

Ізгі ниетпен, аудан әкімі Аманжол ОҢҒАРБАЕВ 
08 наурыз 2024 ж. 245 0