Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Бүгін - Халықаралық ғарышкерлер күні

Бүгін - Халықаралық ғарышкерлер күні

12 сәуір - Дүниежүзілік авиация және ғарышкерлер күні. Алайда, бұл Қазақстан үшін де айтулы мереке.

12 сәуір – адам баласының ғарышқа алғаш рет ұшқан күні. Биыл бұл айтулы датаға 63 жыл толды. Сол кезден бастап бүгінгі күнге дейін 500-ден астам адам ғарышқа саяхаттаған. Олардың қатарында қазақтың үш ғарышкері - Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаев, Айдын Айымбетов те бар.

КСРО-ның соңғы және Қазақстанның бірінші ғарышкері - Тоқтар Әубәкіров 1991 жылы ғарышқа экспедициялық сапармен барып, сол жақта 7 күн 22 сағат 13 минут болды. Тоқтар Әубәкіров - алғаш рет басқа кеңістікте жүріп қазақтың ұлттық тағамын жеген адам. Сол жылы ғалымдар ірімшік, айран және етті ғарышта жүріп жеуге болатындай етіп әзірлеген.

Қазақтан шыққан екінші ғарышкер – Талғат Мұсабаев. Мұсабаев ғарышқа үш рет ұшып, сол жақта 341 күн 9 сағат 48 минут 41 секунд болып қайтты. Нәтижесінде ол Гиннесстің рекордтар кітабына енген, осы күнге дейін Талғат Мұсабаев сияқты ешкім ғарыш кеңістігінде ұзақ уақыт болып көрмеген.

Қазақстанның үшінші ғарышкері - Айдын Айымбетов. Ол 2015 жылдың 2-12 қыркүйегі аралығында «Союз ТМА-18М» және халықаралық ғарыш станциясына бағыт алған «Союз ТМА-18М» кемесінің екінші бортинженері ретінде ұшты. Халықаралық ғарыш станциясына барған ЭП-18 экспедиция мүшесі. Ғарышкер Жерге «Союз ТМА-16М» кемесінде оралды. Ұшу уақыты 9 тәулік 20 сағат 13 минут 51 секундқа созылды.

Ақпарат көзі: egemen.kz
Фото: ашық дереккөз 
12 сәуір 2024 ж. 59 0