Аралдық құтқарушылар көмекте...

– Біздің жігіттер қашанда көмекке әзір тұратынын мақтанышпен айта аламын. Қазіргі таңда су басқан аймақтардағы ахуалды тұрақтандыруға күш біріктіріп жатқан барша қазақстандықтардың қатарында Аралдан барған құтқарушылар жасағы да бар. Олардың алғашқы легі қазір Қостанай өңірінде. Ал осыданда бірер күн бұрын 21 құтқарушы жігіттен құралған тағы бір жасағымыз батыстағы Орал өңіріне қарай аттанды. Сонымен бірге 1 техникамыз көмекке жіберілді. Алла біздің жігіттерімізге жар болсын, – дейді №3 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі бастығының орынбасары, азаматтық қорғау капитаны Н.Тоғысов.
Иә қиын-қыстау заманның қазіргі ауыртпашылығы әрбір қазақ үшін оңай болып тұрған жоқ. Қаншама жылдық маңдай тер мен жиған-тергеннің бәрі су болып ағып кеткені қандай өкінішті?! Бірақ қазақ үшін жаннан басқаның бәрі садақа емес пе еді. Қазіргі уақытта қауіп төнген аймақтардағы тұрғындарды эвакуациялау жұмыстары әлі де жалғасып жатыр. Міне, сол жұмыстарда аралдық жігіттердің де айрықша үлесі бар. Наурыз айының соңында көмекке аттанған алғашқы лектегі жігіттер осы сәуір айның 9 жұлдызында солтүстіктегі Қостанай облысына қарай аттанған. Бүгінде өз жұмыстарына адал аралдық азаматтар өздеріне жүктелген міндетті жұмыстарды абыроймен атқарып жатыр.
А.ҚАРАСАЙ