Жасыл аймақ: Аралда кезекті сенбілік ұйымдастырылды

Тазалық науқанының «Жасыл аймақ» апталығы аясында Арал қаласы мен кент және ауылдық округтерде сенбілік ұйымдастырылды. Тазалық жұмыстары барысында Арал қаласының кіре беріс аймақтары, автокөлік жолдарының жиектері қоқыс қалдықтарынан тазартылды.
Атап өтейік, «Жасыл аймақ» апталығы барысында 3500-ге жуық мемлекеттік мекемелер мен білім беру, денсаулық сақтау қызметкерлері, ерікті тұрғындар мен белсенді жастар атсалысты. Нәтижесінде 1450 түп жергілікті жерге төзімді ағаш көшеттері отырғызылып, 163 тонна қоқыс қалдықтары тиісті орындарға шығарылды.

