Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Аралдық шебер ұстаз "Ыбырай Алтынсарин" төсбелгісімен марапатталды

Аралдық шебер ұстаз "Ыбырай Алтынсарин" төсбелгісімен марапатталды

Оқу жылының аяқталуы қарсаңында ауданымыздың шебер ұстазы, «Үздік Педагог – 2023» Республикалық байқауының жеңімпазы, №14 мектеп-лицейінің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Жанна Қонарова  марапат мінберінен көрінді. Ол қазақ даласында ағарту жұмыстарын жүргізіп, елді оқу-білімге үндеген ағартушы Ыбырай Алтынсарин атындағы төсбелгіні иеленді.
Үздік ұстазға мәртебесі биік медальді ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың атынан Арал ауданы бойынша білім бөлімінің басшысы Санира Жанназарова арнайы табыстап, жылы лебізін жеткізді.
Жанна Қоспанғалиқызы – жоғарғы оқу орнын тәмәмдағаннан бері 31 жыл ұстаздық қызмет жасап, талай дарынды шәкірттердің томағасын сыпырған білікті маман. Оның оқушылары жыл сайын өткізілетін жалпы білім беретін пәндер бойынша аудандық, облыстық, республикалық және халықаралық олимпиадаларда жеңіс тұғырынан көрінуде. Жаңашыл педагог жоғары кәсіби біліктілігімен талай додаларда топ жарып, үздіктер қатарынан түспей келеді.
Сыр елінің білім саласына үлкен абырой сыйлап, көзі ашық, көкірегі ояу, бәсекеге қабілетті жас ұрпақ тәрбиелеу жолында аянбай қызмет етіп жүрген әріптесімізді бүгінгі марапатымен құттықтай отырып, әлі де бағындырар белесі алда екеніне сенім білдіреміз!
Марапатыңыз тағы да құтты болсын!
Арал аудандық білім бөлімі
25 мамыр 2024 ж. 285 0