Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жалынды жастар – жарқын болашақ

Жалынды жастар – жарқын болашақ

Жастар – ол елдің ертеңі, кемел келешектің бүгінгі бастауы. Білімге құштар, ізденімпаз жанға қоғамда төрден орын бар. Айдынды өлкенің жастарын да елдің ертеңі деп мақтанышпен айта аламыз.
Бүгін шаһарымыздың сәулетті орнына айналған «Балықшылар» аллеясында аудан әкімі Аманжол Оңғарбаев өңіріміздің белсенді жастарымен еркін форматта жүздесті.
Кездесуге қатысушылар алдымен қолөнер бұйымдары, құрылыс материалдары, сүт, шұжық және жартылай фабрикат өнімдері қойылған аудандағы тауар өндіруші жас кәсіпкерлердің көрмесін тамашалады.
Ашық аспан астында өткен келелі кездесуде алғы сөз сөйлеген аудан басшысы: «Өздеріңізбен кездесіп, ұсыныс-пікірлеріңізді тыңдап, соны бірлесіп жүзеге асыру мақсатында жүздесіп отырмыз. Теңізді өлкеде талай таланттар дүниеге келген. Солардың бүгінгі жалғасы - Сіздерсіздер. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жастарға деген жанашырлығының арқасында елімізде барлық бастамаларға қолдау жасалып келеді. «Талапты ерге нұр жауар» дейді халқымыз. Ортамызда сан саланың шылбырын қаққан жастарымыз отыр. Мемлекетіміздің оның ішінде ауданымыздың кемелденуі, болашағының баянды болуы Өздеріңіздей жігерлі жастардың қолында. Сондықтан да мен білімді де білікті, ұтқыр ойлы жастарға әрдайым зор үміт артамын» - деп, өз өмір жолында жеткен белестер мен жастардың қоғамдағы рөліне айрықша тоқталды.
Мұнан соң, жиынға арнайы келген облыстық жастар ресурстық орталығының директоры Талғат Тілес аймақтағы жастар саясатын жандандыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстарды айтып, жаңа жобалар жөнінде сөз қозғады.
Жүздесу барысында жастар аудан әкіміне өздерін қызықтырған әрі толғандырған сұрақтарын, ұсыныс-пікірлерін ортаға салып, ойларымен бөлісті.
Шара соңында ВИА «Арал» тобы аудан жастарымен бірге жанды дауыста ән шырқап, қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады

Арал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі
08 маусым 2024 ж. 330 0