Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Бақылау жұмыстары жүргізілді

Бақылау жұмыстары жүргізілді

Ауданға қарасты мемлекеттік мекемелерде мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігіне қатысты қоғамдық бақылау жұмыстары жүргізілді.
Мониторинг жұмыстары барысында аудандық жастар ресурстық орталығының директоры Ақтілек Есеев «Арал ауданының ауылшаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне бақылау жұмыстарын жүргізді.
Аталған мекемеде мемлекеттік қызмет көрсету туралы өзекті ақпараттар мен мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге арналған қажетті құжаттар тізімі және оларды толтыру нысандарының үлгілері орналастырылған.
Аралау кезінде топ мүшесі тарапынан аталған мекеме ғимаратында мүмкіндігі шектеулі жандардың кіріп-шығуына жағдай жасалмағандығы анықталды. Соған сәйкес, кемшіліктерді жою мақсатында ұсыныстар айтылып, алдағы уақытта да бақылау жұмыстары тұрақты түрде жүргізілетіндігі ескертілді.
Арал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі
14 маусым 2024 ж. 184 0