Аралдық дихандар алғашқы өнімдерін алды

Бүгінгі күні көктемгі дала жұмыстарын уақытылы бастап, сапалы жүргізген Ақирек ауылдық округіне қарасты «Шеру» шаруа қожалығының алғашқы қауындары пісіп, өнімдерін алуда. Ерте көктемде 5 гектар аумаққа «Подпленка» әдісімен егіс орналастырған шаруаның көңілі жай. Ендігі кезекте өнімдерін дүкен сөрелеріне сатылымға шығармақ.
Өңірімізбен бен қатар көршілес облыс тұрғындары да Ақбайдың бренді саналатын – қауынға әрдайым қызығушылық танытады. Алдағы уақытта тұрғындарды бақша өнімдерімен қамтамасыз ету мақсатында аудан орталығы мен өзге де аймақтарға жөнелтілу жоспарлануда
Ақпарат көзі: syrboyi.kz.
Фото: ашық дереккөз