Жастар күніне арналған мерекелік шара

Думанды концерт барысында шырқалған көңілді әуендер мен мың бұрала билеген бишілердің биі көрерменнің делебесін қоздырды десек артық емес.
Жастар — елдің ертеңі, болашақтың бастауы, мемлекетімізді дамытушы қозғаушы күші десек, Арал ауданында жастар саясаты тиісті дәрежеде жүзеге асырылып келеді. Бүгінде ауданда 14-35 жас аралығында 25 мыңға жуық жас бар. Аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ түрлі іс-шаралар ұйымдастырып, қоғамның барлық саласында белсенді жұмыс атқарып келеді. Ізгі істің басында жүретін аудан еріктілері қарттар мен әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға көмек қолын созып келеді. Жастар мәдени-патриоттық шараларда қашанда алдыңғы қатардан табылады. Өскін ұрпақтың ұлағатты істері мақтаныш сезімді оятады.


