Аралдық жастар да АЭС-ті қолдайды

Жалынды жастар жиынына республикалық Халықтық штаб мүшесі, ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты Мұрат Ергешбаев және аудандық Халықтық штаб өкілдері Базарбай Төреахметов, Талғат Қанатов қатысты.
Толығырақ тоқтала өтсек, АЭС Қазақстан үшін маңызды қадамның бірі болмақ. Оның салу құрылысы әлемдік деңгейде тәуелсіз сарапшылар қадағалауында болады. Технологиялық тиімді тұстары электр энергия көздерін артырады. Бұл Сіздердің жастарға жаңа жұмыс орындары көбейуіне көп септігін тигізеді. Мұны ең бірінші Арал жастары дұрыс түсініп бағамдауы тиіс», – деді штаб мүшесі Мұрат Ергешбаев.
Кездесуде жастар АЭС төңірегінде толғандырған ойларын ортаға салып, спикерлермен жан-жақты пікір алмасты. Салмақты ой, дәлелді шешімдерден кейін, сан пікірді бір арнаға тоғыстырып, АЭС салу бастамасын қолдайтындықтарын жеткізді.
#АЭСүшін
#АЭСтаңдаймыз
#АЭСРеферендум
#Референдум2024
#ХалықтықШтаб
#АЭСбізге
#БізгеАЭСкерек
#ҚазақстанғаҚуатБер